Қазақстанға келетін шетелдік туристердің 62%-ы – ШЫҰ елдерінің азаматтары

Елімізде 114 әуе бағыты бойынша тұрақты рейс ұйымдастырылған

Мәди Саматұлы

  • 25.05.2024

Алматыда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің туризм әкімшіліктері басшыларының кездесуі өтті. Алқалы жиында туризм саласындағы әріптестікті одан әрі дамытудың маңызды мәселелері қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанға келетін шетелдік туристердің 62%-ы ШЫҰ елдерінің азаматтарына тиесілі. Қазақстан ұйымға мүше елдің барлығымен визасыз режим орнатқанын айта кеткен жөн.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 114 әуе бағыты бойынша 28 елмен аптасына 560 тұрақты рейс ұйымдастырылған. Оның ішінде 245 рейс ұйым мүшелері арасында жүйелі түрде орындалады. Осы көрсеткішті жақсарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар «әуе еркіндігінің» 5 дәрежесінің арқасында IndiGo, FlyNas, AirAsia X сияқты шетелдік әуе компанияларының ұшақтары жиілігі мен түрлері бойынша Қазақстанның бірқатар әуежайына шектеусіз ұшуды орындау құқығына ие болған.

Фото: Астана халықаралық әуежайы

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады