freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Лайк үшін өмірін қатерге тікті: Семейде жолаушы көлік есігіне отырып жүрген

Қоғам
Лайк үшін өмірін қатерге тікті: Семейде жолаушы көлік есігіне отырып жүрген
Фото: видеодан кадр

Семей қаласында жеңіл көліктің есігіне отырып қозғалған жолаушы мен жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 17 шілдеге қараған түні сағат 01:00 шамасында Тұрлыханов көпірінде болған. Бейнебақылау камералары ВАЗ-2115 көлігінің 20 жастағы жүргізушісі қозғалысын тоқтатпай, ал 23 жастағы жолаушының көліктің есігіне отырып келе жатқанын тіркеген.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың жеке басын анықтады. Жүргізуші жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, жолаушы жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтамағаны үшін жауапқа тартылды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және әлеуметтік желідегі лайк үшін өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу