freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кофе бағасы рекордтық деңгейге жақындады

Әлем
Кофе бағасы рекордтық деңгейге жақындады
Ашық дереккөзден

Кофе бағасы соңғы айларда айтарлықтай қымбаттап, әлемдік нарықта соңғы ондаған жылдағы ең жоғары деңгейлердің біріне жетті. Бұған Бразилия мен Вьетнамдағы қолайсыз ауа райы, құрғақшылық және егін көлемінің азаюы әсер етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Шикізат құнының өсуі Starbucks, Nestlé және басқа да ірі кофе өндірушілердің шығындарын көбейтті. Көптеген компаниялар өнім бағасын көтеруге немесе қаптама көлемін азайтуға мәжбүр болып жатыр.
Сарапшылардың болжамынша, егер негізгі өндіруші елдерде биылғы маусымда өнім көлемі қалпына келмесе, кофе бағасы тағы да өсуі мүмкін. Бұл қарапайым тұтынушылардың күнделікті шығынына ғана емес, бүкіл азық-түлік инфляциясына да әсер етуі ықтимал.
Reuters мәліметінше, арабика кофесінің биржалық бағасы бір фунтына 3,60 доллардан асып, тарихи рекорд орнатты. Бұған Бразилияда сатуға дайын кофе қорының азаюы және алдағы өнімге қатысты алаңдаушылық себеп болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу