freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп халыққа үндеуінде Қытайды айыптады

Әлем
Трамп халыққа үндеуінде Қытайды айыптады
Фото: The White House

АҚШ президенті Дональд Трамп халыққа жасаған кешкі телевизиялық үндеуінде Қытайды 2020 жылғы АҚШ президенттік сайлауына араласты деп айыптады, деп хабарлайды Malim.kz.

Трамптың айтуынша, құпиясыздандырылған құжаттар сайлау жүйесіндегі «алаңдатарлық осал тұстарды» анықтаған. Ол АҚШ-тың сайлау жүйесі қажетті қауіпсіздік стандарттарына «мүлде сәйкес келмейді» деп мәлімдеді.

Ақ үй басшысы Бейжің АҚШ-тағы 220 миллион сайлаушының аты-жөні, мекенжайы және телефон нөмірлері қамтылған деректерге заңсыз қол жеткізгенін айтты. Ол мұны тарихтағы ең ауқымды деректердің таралуы және қауіпсіздік саласындағы бұрын-соңды болмаған жағдай деп атады.

Трамптың сөзінше, Қытайдың мақсаты 2020 жылғы президенттік сайлауда өзінің жеңілуіне ықпал ету болған. Еске салайық, сол сайлауда Трамп Джо Байденнен жеңілгенімен, оның нәтижесін әлі күнге дейін мойындамай келеді.

Трамп өз сөзінде Ресейді қоса алғанда басқа елдерді де атағанымен, негізгі айыптаулар Қытайға бағытталды. Бұл мәлімдемелер Вашингтон мен Бейжің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі күрделендіруі мүмкін.

Сонымен қатар, Euronews арнасының мәліметінше, Трамптың айыптаулары бұған дейін жүргізілген тексерулер мен аудиттердің қорытындыларына қайшы келеді.

Атап айтқанда, Трамп әкімшілігі кезіндегі бас прокурор Уильям Барр 2020 жылғы сайлауда алаяқтық болғанын дәлелдейтін айғақтар табылмағанын мәлімдеген.

Өз кезегінде Қытайдың Вашингтондағы елшілігінің баспасөз хатшысы Трамптың айыптауларын жоққа шығарды.

«Қытай АҚШ-тағы президенттік сайлауға ешқашан араласқан емес және араласпайды», – деді ол Reuters агенттігіне.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу