Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары қалай жұмыс істейді?

Malim Админ

  • 05.05.2025

Экспорттық әлеуетті кеңейту және қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету мақсатында Азиядағы ең ірі B2C алаңдарының бірі саналатын Қытайдың JD.com платформасында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.


Бүгінгі таңда ұлттық павильонда азық-түлік, косметика, бал және басқа да сұранысқа ие тауар санаттарын қоса алғанда, 15 қазақстандық тауар өндірушінің 44 өнім түрі ұсынылған.
Павильон іске қосылған сәттен бастап сатылған өнімнің жалпы көлемі 2,4 млн юаньды құрады, оның 1,18 млн юаньнан астамы — 2024 жылға тиесілі.

Қазақстандық өнімдер онлайн сату алаңынан бөлек, Қытайдағы офлайн-көрмелерде және B2B-презентацияларда тұрақты түрде ұсынылады. Бұл сауда байланыстарын нығайтуға, брендтердің танымалдылығын арттыруға және экспорттық географияны кеңейтуге ықпал етеді.
Негізгі бағыттардың бірі - ҚХР нарығында тез танымал болып келе жатқан электрондық сауданың жаңа форматы — стриминг-сатуды дамыту.

Мәселен, өткен жылдың қараша айында Қытайдың халықаралық импорттық көрмесі (CIIE 2024) аясында, Jiangsu Soho Holding Group Co Ltd,серіктестерінің қолдауымен Douyin (TikTok аналогы) платформасы арқылы стриминг жүргізілді. Онда Қазақстанның ұлттық стриминг-павильонының ресми ашылуы өтті.

Тікелей эфирде қытайлық тұтынушылар өнімдермен нақты уақыт режимінде танысуға, сұрақтар қоюға және сатып алуды дереу рәсімдеуге мүмкіндік алды. Трансляция қорытындысы бойынша сату көлемі 450 мың юаньды құрады, бұл осы ілгерілету арнасының жоғары тиімділігін және тұтынушылардың Қазақстаннан келетін тауарларға деген қызығушылығын растады.

Біздің міндетіміз — қазақстандық өнімнің жетекші цифрлық сауда алаңдарында жүйелі түрде болуын қамтамасыз ету. Біз экспортты JD.com, Alibaba.com, Europages, Noon және TikTok дүкені платформалары арқылы белсенді түрде дамытамыз. Бұл отандық компанияларға жаңа нарықтарға шығуға, экспорттық кірісті ұлғайтуға және жаһандық сауда тізбектеріне кірігуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті QazTrade АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров.

QazTrade аналитикалық деректеріне сәйкес, 2024 жылы әлемде онлайн-сатып алушылар саны 2,71 млрд адамға жетті, ал электрондық сауда нарығының жаһандық көлемі 6,3 трлн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,76% - ға артық.

Қазақстан Республикасында өткен жылдың қорытындысы бойынша электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгені құрады, бұл бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 14,5% - на тең.

2029 жылға дейінгі болжамдар жаһандық онлайн-нарықтың одан әрі өсуін көрсетеді: пайдаланушылар саны 3,6 млрд адамға жетеді деп күтілуде, бұл ретте Қытай e-commerce әлемдік нарығындағы жетекші үлесті сақтайды. Бұл дәл Қытай бағытында қазақстандық қатысуды одан әрі нығайтудың стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Ресей Қазақстаннан бидай экспорттауға тыйым салды

20.03.2025

Диқандар былтыр 9 айда 4 млн тонна дәнді-дақыл экспорттаған

30.01.2025

Жанармай экспортына тыйым салынғаннан кейін елде оның қоры күрт артқан

29.01.2025

Қартоп бағасы алмамен тең

21.01.2025

Картоп экспортына 6 айға шектеу енгізілмек

21.01.2025

Олжас Бектенов экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді

18.10.2024
MalimBlocks
Ресей Қазақстаннан бидай экспорттауға тыйым салды

Диқандар былтыр 9 айда 4 млн тонна дәнді-дақыл экспорттаған

Оның жартысына жуығы Өзбекстанға жөнелтілген

Жанармай экспортына тыйым салынғаннан кейін елде оның қоры күрт артқан

Энергетика министрі ол жасырын экспорттың елде қалуынан деп түсіндірді

Қартоп бағасы алмамен тең

Картоп экспортына 6 айға шектеу енгізілмек

Бұл елдегі картоп тапшылығының алдын алу үшін қажет

Олжас Бектенов экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов экспортқа бағытталған бизнес өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді.