Қымбатшылық қазақты тағы қыса бастады

Ақылы қызметтер — 13,8%, азық-түлік емес тауарлар — 7,4%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,4% өсті.

Берік Дәулетов

  • 01.07.2024

2024 жылғы маусымда тұтыну бағаларының айлық индексі 0,4% болды (өткен айдағыдай). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 0,6% өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының индексі — 100%, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, маусымда бағаның өсуі ас үй плитасына — 8,4%, ауа баптағышқа — 4,6%, кір жуатын машинаға 4% байқалды.

Жиһаз және үйге қажет заттар — 1,7%, киім және аяқ киім — 0,9%, тоқыма бұйымдары, жеке пайдалануға арналған тауарлар 0,5%-дан қымбаттады.

Кешенді демалысты ұйымдастыру бойынша қызмет бағасы 13%, санаторийлер — 5,6%, балалар аттракциондары — 4,4% өсті. 

Шаштараз бен сұлулық салондары — 1,9%, қоғамдық тамақтану 1% қымбаттады.

Азық-түлік өнімдерінен қияр бағасы — 18,7%, қырыққабат — 18%, тәтті бұрыш — 17,9%, сарымсақ — 14,9%, қызанақ — 13,3%, лимон — 7,4% арзандады. 

Картоп бағасы — 10,7%, жүзім — 3,6%, алма — 2,1%, сәбіз — 1,9% қымбаттады. 

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақмола облысында — 1% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п. т. жоғары), ең төмені — Ақтөбе және Алматы облыстарында 0,1% тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік бағасы Маңғыстау облысында 0,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар — Түркістан облысында 2%, ақылы қызметтер — Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында тиісінше 2,5% және 2,6% өсті.

2024 жылғы маусымда жылдық мәнде инфляция деңгейі — 8,4% болды.

Ақылы қызметтер — 13,8%, азық-түлік емес тауарлар — 7,4%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,4% өсті.

2023 жылғы маусыммен салыстырғанда тарифтер су бұруға — 43,5%, суық суға — 36,7%, орталықтандырылған жылытуға — 33%, электр энергиясына — 31,7%, қоқыс шығаруға — 30,7%, ыстық суға — 30,4% өсті. 

Ацетилсалицил қышқылының бағасы — 60,8%, белсендірілген көмірге — 33,1%, хилак фортеге — 24,7%, парацетамолға — 23% өсті.

Жүзім — 29%, қызылша — 24,9%, зәйтүн майы — 21,3%, қызанақ — 19,8%, банан — 18,5% қымбаттады. 

Керісінше жылдық мәнде пияз — 40,4%, қарақұмық жармасы — 23,1%, күнбағыс майы — 22,3%, қырыққабат — 22,1%, құмшекер 5,6% арзандады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі.

Бақылау қызметтер мен тауарлардың тарифі мен бағасы — барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі.

Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

Фото: opennews.kz

Байланысты жаналықтар

Ең қымбат пәтерлер қай қалаларда? - Ұлттық статистика бюросы

09.12.2024

Жыл қорытындысы: 6 млн ішкі туристен 224 млрд теңге кіріс келген

09.12.2024

Конькимен жүгіруден әлем кубогінде жасөспірімдер құрамасы қол жүлде иеленді

08.12.2024

Бокстан Азия чемпионаты: Өзбекстанның 11, Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалда

07.12.2024

Халық тапқан-таянғанының жартысын тамаққа жұмсайтыны рас па? - Жұманғариннің жауабы

06.12.2024

Қияр мен қызанақ бағасы 40 пайызға қымбаттады

03.12.2024
MalimBlocks
Ең қымбат пәтерлер қай қалаларда? - Ұлттық статистика бюросы

Алматыда жалға берілетін тұрғын үй шаршы метрі үшін ең қымбат баға тіркелді

Жыл қорытындысы: 6 млн ішкі туристен 224 млрд теңге кіріс келген

Конькимен жүгіруден әлем кубогінде жасөспірімдер құрамасы қол жүлде иеленді

Кубок жарысы Польшада өтті

Бокстан Азия чемпионаты: Өзбекстанның 11, Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалда

Жартылай финалға соның ішінде 10 боксшы өтті

Халық тапқан-таянғанының жартысын тамаққа жұмсайтыны рас па? - Жұманғариннің жауабы

"Біз ақшаны тек тұтынушылық шығынға жұмсамаймыз" деді ол.

Қияр мен қызанақ бағасы 40 пайызға қымбаттады

Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,1%, ақылы қызметтер – 0,8%, азық-түлік емес тауарлар 0,7% өсті