Шымкент қаласында тамақ өнеркәсібінде 161 кәсіпорын жұмыс істейді

Айбек Ережеп

  • 24.05.2021

 Шымкент қаласында тамақ өнеркәсібінде 161 кәсіпорын жұмыс істейді

Шымкент қаласы арзан және дәмді тамақтарымызбен танымал екені рас.

Қазір бұл қалада тамақ өнеркәсібінде 161 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде 8 ірі және орта өндірістер. Онда 2,9 мың адам жұмыспен қамтылған. Тамақ өнеркәсібі – қаладағы өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі.

Шымкент қаласы дәмді тағамдарымен, тамақ өнімдері бағасының арзандығымен көпшілікке танымал екені мәлім.

2021 жылдың 4 айында саладағы өнім көлемі 41,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Аталған салада жеке инвестициялар тарту көлемі артып келеді. 2021 жылдың 4 айында 0,2 млрд теңге инвестиция қаржысы игерілді.

Тамақ өнімдерін өндіру саласында 2020 жылы 2 инвестициялық жоба іске қосылған болатын. 2021 жылы 3 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде  жемістер мен көкөністерді қайта өндіру бойынша екі жоба, жылына жалпы 12 млн дана банкі шығарылатын болады. Сонымен қатар, ас және техникалық тұзын өндіру жобасы іске қосылып, жылына 10 мың тонна өнім өндірілмек.

Қалада өндірілген тамақ өнімдері шетелдерде сұранысқа ие. Экспорт көлемі 2020 жылы 125,3 млн. АҚШ долларын құраған еді. Ал 2021 жылы 2 айда бұл көрсеткіш 19,8 млн. АҚШ долларына жетті. Бұл алдынғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға артып отыр.

Негізінен, ұн өнімдері (12,4 млн АҚШ долл), күнбағыс майы  (15,0 млн АҚШ долл.), макарон өнімдері ( 0,239 млн АҚШ долл) алыс және жақын шетелдерге экспортқа шығарылуда.

Айта кетсек, Шымкент қаласында «Шымкентмай» АҚ, «Арай» ЖШС (өсімдік майлар), «Алтын дән» ЖШС (ұн, сүт және макарон өнімдері), «Рахат-Шымкент» ЖШС, «PIONEER» ЖШС, «Мадлен-КZ» ЖШС, «Ладушки» ЖШС (кондитерлік өнімдер), «Барыс 2007» ЖШС (макарон өнімдері), «PIONEERGrainProducts» ЖШС (ұн өнімдері), «Шымкент-Құс» ЖШС (құс еті) және тағы басқа ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.

Байланысты жаналықтар

Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

19.04.2025

Доллар бағасы сәл арзандады

18.04.2025

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

18.04.2025

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

18.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

17.04.2025

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

17.04.2025
MalimBlocks
Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

Елімізде өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқару тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды

Доллар бағасы сәл арзандады

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк азаматтарға алаяқтар банктің ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынып жатқанын айтты

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасында 9 жүк көлігі мен 21 трактор бар