Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк азаматтарға алаяқтар банктің ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынып жатқанын айтты

Сұлу Бөлек

  • 17.04.2025

Ұлттық банк азаматтарға алаяқтар банктің ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Алаяқтар не істейді?

Алаяқтар Ұлттық банк атынан байланысқа шыққанда азаматтарға кредит шоты барын немесе кредит қарызын өтеуі керек екенін хабарлап, жалған хат жібереді.

Сенімге кіру үшін жалған құжаттарға Ұлттық банктің "уәкілетті тұлғасы" қойған қолын, аты-жөні мен мөрін басады. Қаскөйлер мұндай жалған мәліметтерді азаматтарға ақша аудартып, қаражатын ұрлау үшін де ұсынады. 

Сондай-ақ, олар Ұлттық банк қызметкерінің бет-бейнесін қолдана отырып, жалған бейнероликтер жасау үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланады. 

Ұлттық банк қандай ескерту жасады?

"Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтарды қырағы болуға, күмәнді шоттарға ақша жібермеуге, дәйексіз хабарламалар мен тексерілмеген құжаттарға сенбеуге шақырады. Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, азаматтарға кредит берумен айналыспайтынын, заңгерлік қызмет көрсетпейтінін, сондай-ақ, халықпен өзара ақшалай есеп айырысу жүргізбейтінін еске саламыз", - деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк үшінші тұлғалар тарапынан жасалатын алаяқтық әрекеттерге жол бермеу үшін мемлекеттік органдардың немесе Ұлттық банк қызметкерлерінің атынан бейтаныс адам қоңырау шалған кезде әңгімені тоқтатып, қажет болған жағдайда мемлекеттік органның ресми нөміріне өз бетінше хабарласуды ұсынады.

Алаяққа тап болғанда не істеу керек?

Алаяқтық әрекетке тап болған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарласу керек. Кеңес алу үшін Ұлттық банктің байланыс орталығына, 1477 қысқа нөміріне хабарласқан жөн.

Фото: nationalbank.kz

Байланысты жаналықтар

Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

11.04.2025

Елімізде доллар арзандай түсті

11.04.2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

11.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

03.04.2025

Ұлттық банк стейблкоин құратынын мәлімдеді

28.01.2025

Бұрынғы ұстанымдар енді жұмыс істемейді – Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк жұмысы жайында

28.01.2025
MalimBlocks
Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

Елімізде доллар арзандай түсті

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

1-тоқсанда тұтынушылық сұраныс бәсеңдеген

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтар мессенджерлерде жалған немесе пайдаланушылардың бұзылған дербес аккаунттарын пайдаланатын схемалар туралы ескертеді

Ұлттық банк стейблкоин құратынын мәлімдеді

Ол цифрлық теңге негізінде пайда болмақ

Бұрынғы ұстанымдар енді жұмыс істемейді – Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк жұмысы жайында