Жамбыл облысының тұрғыны америкалық компаниядан сотта жеңілді

Жамбыл облысының мамандандырылған өңіраралық экономикалық сотына АҚШ-тың Массачусетс штатында орналасқан New Balance компаниясы жеке кәсіпкер Б.-ға өзінің тауар белгісін заңсыз пайдаланған деген талап арызбен жүгінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Компанияның тауарын кәсіпкер интернет-дүкен арқылы сатып алып, оған өз тауар белгісін заңсыз қолданғанын анықтаған және сол үшін сотқа жүгінген.
«Талапкер NEW BALANCE тауар белгісінің ерекше құқықтарының иесі саналады. Онлайн-сатып алу барысында талапкер жауапкердің Kaspi.kz қосымшасындағы интернет-дүкенінде тауар белгісін оның келісімінсіз пайдаланып жатқанын білген», – делінген сот хабарламасында.
Талапкер сотқа фискалды чек, фото және сатып алу видеосын ұсынды, бұл жауапкердің контрафактілік өнімді сатқанын дәлелдеді.
Сот тараптарды татуласуға шақырған, содан кейін тараптар бітімгершілік келісімге келді.
«Келісім шарттары бойынша жауапкер 100 мың теңге көлемінде талап қойды: оның ішінде 73 мың теңге өтемақы ретінде, 27 мың теңге заңсыздықты тіркеу шығыны ретінде есептелген. Сонымен қатар, жауапкер талапкердің тауар белгілерін пайдаланбайтыны туралы кепілдік хатқа қол қойды», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Талапкер 296 мың теңге көлеміндегі өтемақы талабынан бас тартты.
Соттың шешімі заңды күшіне енді.
New Balance — Массачусетс штаты Бостон қаласында орналасқан спорттық киімдер өндіруші компания.
Бұған дейін Астана қаласының мамандандырылған өңіраралық әкімшілік соты немістің Hugo Boss AG компаниясының интеллектуалдық меншік құқықтарын қалпына келтірген еді.
Иллюстрациялық фото:depositphotos.com