«Жаңа дала» көрмесі шаруашылық өкілдерін жақындастырады

Malim Админ

  • 16.07.2021

Қазіргі уақытта басқасы басқа, ауыл шаруашылығы өнімдерінің маңызы артып тұрған кез. Бұдан бұрын да маңызы төмен болды деп ешкім айта алмайды. Қазір, әлем  экологиядан зардап шегіп жатқанда және жер шары адам санынының артуына байланысты көптеген жетімсіздіктерді бастан кешіп жатқанда азық-түлік мәселесінің тереңдей түсетіні түсінікті. Демек, ендігі уақытта бұрынғыдай бүкіл әлем өзінше жұмыс істемей, біріге отырып, орасан проблеманы бірлесе шешуге көшу керек. Мәселен, бір елде техника мықты дамығанмен, жер жоқ болуы мүмкін. Ал, тағы бір елде жер көп болғанмен, заманауи техникаға қол жеткізу қиындау болуы ғажап емес. Демек, әлем бірлесе отырып, өзге жұрт не істеп жатыр, немен айналысып жатыр, не жаңалығы бар, не өзгеріс жасап жатыр деген сұрақтарға жиі айналып соғып тұруға тиіс. Ал, әлемнің бірігуі үшін жасалатын алғышарт алдымен әр елдің өз ішінде жүруі керек. Диқандар мен мал шаруашылығы өкілдері жиі кездесіп, өздерінің жаңалықтарымен бөлісіп, бір біріне кеңес беріп, кеңес алып тұруға тиіс.

Қазақстанда соңғы жылдары тұрақты түрде өтіп келе жатқан дала күні мерекесі соның бір дәлелі. Бұл, әрине, алдымен мереке, бірақ, той тойлап қана тарап кететін емес, ой ойласатын, ақылдасатын, келер жылға жоспар құру, кемшіліктерді сараптайтын күн. Осы дала күніне орай өтіп тұратын ауыл шаруашылығы көрмелерінің де маңызы зор. Өйткені, ол жерге өзгелердің ең үлкен жетістігі қойылады. Біреудің өзге ешкімде жоқ техника болуы мүмкін, біреудің елден ерекше бір тұқымы болуы мүмкін, міне, осындай нәрселерге қызығушылық білдірушілер бір бірінен оған қалай қол жеткізуге болатынын, қайдан алуға болатынын сұрап, шаруашылығын дамыта түсуге жаңа идеялар алып қайтады. 

Сондай ерекше шаралардың бірі дала күніне орай «JanaDala/GreenDay 2021» көшпелі көрмесі. Аграрлық ғылым мен бизнес өкілдері қатысқан, органикалық өндіріске арналған бұл көрме биыл 14-16 шілде күндері Ақмола облысы Ақкөл ауданы «Еңбек» ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтті. Көшпелі көрмені «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ ұйымдастырғанын айта кету керек.

«Дала күні ауыл шаруашылығы саласындағы озық жетістіктерді көрсету, тәжірибе алмасу, отандық және шетелдік аграршылар арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту алаңы болып табылады. Көрме барысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның еншілес компаниялары органикалық егіншілік және АӨК цифрландыру саласындағы жаңа әзірлемелермен таныстырды, дәнді, майлы және жемдік дақылдардың жаңа сорттарын көрсетті. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы өнімділік пен сапаның жоғары әлеуеті бар дақылдардың қарқынды сорттарын ұсынды. Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы дәнді және жарма дақылдарының сорттарын ұсынды, ал Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының ғалымдары Қазақстанның дәстүрлі дала аймағы үшін перспективті сорттарын ұсынды. Көрме ауылшаруашылық ғалымдарына фермерлердің шұғыл қажеттіліктері туралы білуге, ауылшаруашылық тауар өндірушілерден кері байланыс алуға және оларды соңғы ғылыми әзірлемелермен жақынырақ таныстыруға көмектеседі», деп ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, бұл күн тек қана шаруашылық бағыттағы көрме емес, ғылыми іс-шара.

Ғылым мен өндірістті ұштастыру туралы соңғы жылдары жиі айтылып жүр. Бұл тарапта бірқатар жетістіктер де аз емес. Мәселен, жаңа, тек Қазақстанға ғана тиесілі тұқымдар мен өнімдер аз емес. Осының бәрі Қазақстан ғалымдары мен шаруашылық өкілдері, бизнесмендердің бірлескен жобасы арқасында өмірге келгенін айта кету керек. Жоғарыда аталған «JanaDala/GreenDay 2021» көшпелі көрмесінің де негізгі мақсаты осы.

Байланысты жаналықтар

Елімізде қандай азық-түліктер қымбаттайды?

23.10.2024

Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

23.10.2024

Биыл ауыл шаруашылығы саласына рекордтық қаржы бөлінді – Олжас Бектенов

23.10.2024

Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

21.10.2024

«Жылыжайлар астанасында» ірі кешеннің құрылысы жүріп жатыр

21.10.2024

Фермерлер Президентке хат жолдады

21.10.2024
MalimBlocks
Елімізде қандай азық-түліктер қымбаттайды?

"Инфляцияны ұмытпағанымыз жөн" деді Серік Жұманғарин.

Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,3 теңгеден сатылып жатыр

Биыл ауыл шаруашылығы саласына рекордтық қаржы бөлінді – Олжас Бектенов

Бюджет қаражаты егіншілерді тікелей несиелендіруге, пайыздық мөлшерлемені арзандатуға және форвардтық сатып алуға бағытталды

Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

Еңбек министрлігі тиісті өзгерісті ашық талқылауға шығарған

«Жылыжайлар астанасында» ірі кешеннің құрылысы жүріп жатыр

«Alsera kz» ЖШС жылыжай кешені «Бозарық» индустриялық аймағында салынбақ

Фермерлер Президентке хат жолдады

Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл мол өнім алынған