Зейнетақы жинағын енді алты компания өзара бөліседі

Malim Админ

  • 17.02.2021

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын алты компания басқарады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы активтеріне қатысты мәлімдеме жасады. Онда агенттіктің аталмыш мәселеге байланысты тиісті жарлық қабылдағаны жөнінде айтылған.

 «Басқарма тиісті жарлық қабылдады. Ол зейнетақы активтері берілуі мүмкін басқарушылардың инвестпортфеліне қойылатын талаптарды; алуға рұқсат беретін қаржыинструменттерінің тізімін; инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін қарастырады», - делінген агенттік таратқан мәлімдемеде. Жарлық ресми жарияланған уақыттан бастап күшіне енеді.

Қазіргі уақытта қаржы нарығын реттеу агенттігі қойған талаптарға 18 басқарушы компанияның алтауы сәйкес келеді. Атап айтқанда, «First Heartland Jysan Invest», «BCC Invest», «Halyk Global Markets», «Halyk Finance», «First Heartland Capital» және «Сентрас Секьюритиз» компаниялары.

«First Heartland Capital» активтерді басқару компаниясы мен «First Heartland Jysan Invest» инвестициялық компаниясы «First Heartland» компаниялар тобына кіреді. «First Heartland Jysan Invest»-тің жалғыз акциянері «Jusan Bank» (бұрынғы «Цесна Банк»). 2019 жылы «Цесна Банк» 99,5% акциясын «First Heartland Securities» АҚ сатып алғаннан кейін, ребрендинг жасап, атауын «Jysan Bank»-қа ауыстырған.  Ал өз кезегінде «First Heartland Securities» АҚ «Назарбаев Университеті» мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары тобының қаржылық холдингінің инвестициялық бөлімі.

«BCC Invest» инвестициялық компаниясы «Банк Цент Кредит» консорциумына кіреді. «Банк Цент Кредиттің» негізгі акционері Бақытбек Байсейтов. Ол «Forbes» журналының 2020 жылғы рейтингінде «Қазақстандағы ең беделді (бай) 50 бизнесменнің» қатарына енген. Журнал оның байлығын 211 000 000 долларға бағалаған.

«Halyk Finance» инвестициялық банкі мен «Halyk Global Markets» инвестициялық компаниясы «Халық Банк Қазақстанның» еншіліс компаниялары. «Халық Банктің» негізгі акционерлері экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаев. «Forbes» журналы 2020 жылы ерлі-зайыпты Динара мен Тимур Құлыбаевтардың байлығын 5,8 млрд долларға бағалаған.

«Centras securities» инвестициялық компаниясы құнды қағаздар нарығында 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Компания Елдер Абдразақовқа тиесілі Centras Group холдингіне кіреді. Холдинге «Centras securities» компаниясынан бөлек, «Коммеск-Өмір», «Сентрас Иншуранс», «Сентрас» венчурлік қоры, iLEX заң компаниясы, SOS Medical Assistance медицина орталығы және «Сентрас Кредит» микроқаржы ұйымы кіреді.

Осы уақытқа дейін зейнетақы қаржысы Қазақстанның ішіне ғана емес, жақын шетелдерге де инвестиция ретінде салынды. Мысалы, 2014 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 250 миллион доллар қаржысы Әзірбайжан Халықаралық Банкіне инвестиция болып құйылған. Кейіннен аталмыш банк өзінің банкрот екенін мәлімдеп, 2017 жылдың 11 мамырында Нью-Йорк сотына өздерін банкрот деп тануды сұрап, өтініш жіберген. Осыдан кейін БАҚ беттерінде «БЖЗҚ қаржысын елге кім қайтарады?» - деген сұрақ қызу талқыланған. Ақыр соңында Әзірбайжан тарапы қаржыны 2032 жылға дейін қайтаратынын мәлімдеген.

Бұдан бөлек, 2018 жылы БЖЗҚ-ның 450 млрд теңге қаржысы «ҚазАгро» холдингіне берілді. Дәл осы жылы Ұлттық Банк қорға тиесілі 30 млрд теңгені Қытай мен Үндістан компанияларына инвестиция ретінде салды.

2018 жылдың 18 сәуірінде Алматы соты БЖЗҚ-ның бұрғынғы басшысы Руслан Ерденовты «қор қаржысын талан-таражға салды және пара алды» деген айыппен 12 жылға соттады. Бір сөзбен айтқанда, зейнетақы жинақтары санаулы жылдардың ішінде қолдан-қолға өтіп, жер шарын сан мәрте шарлап үлгерді.

Байланысты жаналықтар

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

16.02.2025

Назарбаевтың қызының байлығын Швейцария прокуратурасы тексеріп жатыр

12.02.2025

Тоқаевпен кезіккен отандық бизнес акулалары кімдер?

12.02.2025

Азия ойындары-2025: шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді

09.02.2025

Головкин мен Мырзабосынов Азия ойындарында Қазақстан құрамасымен кездесті

09.02.2025

Астанада ел спортшыларын IX қысқы Азия ойындарына салтанатты түрде шығарып салды

30.01.2025
MalimBlocks
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Назарбаевтың қызының байлығын Швейцария прокуратурасы тексеріп жатыр

Жақында олигарх пен мемлекет арасында миллиард долларлық мәміле болуы мүмкін екені хабарланды. Ал дәл осы уақытта Швейцарияда Динара Құлыбаева сарайына қатысты тергеу басталды. Бұл кездейсоқтық па? Немесе бұл оқиғада Қазақстанның ықпалы болуы мүмкін бе?

Тоқаевпен кезіккен отандық бизнес акулалары кімдер?

Азия ойындары-2025: шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді

Негізгі уақытта есеп ашылмағандықтан, ойын овертаймға ұласты

Головкин мен Мырзабосынов Азия ойындарында Қазақстан құрамасымен кездесті

Астанада ел спортшыларын IX қысқы Азия ойындарына салтанатты түрде шығарып салды

Құрама сапында 137 спортшы бар