Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде ажырасқандардың саны азайып келеді

Қоғам
Елімізде ажырасқандардың саны азайып келеді

Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде ажырасулардың саны 48,6%-ға азайған. Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.


Елімізде 10 жыл ішінде отбасылар саны 1,5 млн-ға көбейген. Ұлттық санақ нәтижесі бойынша, елдегі шаңырақ саны 2021 жылы 5 578 947 жеткен, ал 2009 жылы 4 млн-нан астам ғана отбасы тіркелген болатын.

- Әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі қазақстандықтардың 95,4%-ының отбасындағы қарым-қатынасқа көңілі толатынын көрсетті. Отбасындағы басты құндылықтар: бір-біріне қамқор болу, бір-біріне деген сыйластық, қолдау көрсету, махаббат және балалар, - деді Кочетов.

Фото: sugdnews.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу