Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еуропа лидерлері таң атпай Киевке келді

Саясат
Еуропа лидерлері таң атпай Киевке келді

Киевке Украинаға қолдау көрсету үшін Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо, Литва мен Латвия президенттері Гитанас Науседа және Эдгарс Ринкевичс, Эстония премьер-министрі Кристен Михал, Испания үкіметінің басшысы Педро Санчес және басқа да Балтық елдерінің басшылары келді, деп хабарлайды ВВС-ге сілтеме жасап, Malim.kz.

Олар Ресейдің толық масштабты басқыншылығының үш жылдығына орай жоспарланған Киев саммитке қатысады.

24 ақпан күні таңертең Киевке Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мен Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта да келген.

Литва премьер-министрі әлеуметтік желіде: «Ресейдің озбыр әскери басқыншылығының басталғанына үш жыл болды. Украина мен оның халқы сансыз қиындықтарды бастан өткерді, бірақ олар рухтарын биік ұстады. Берілген жоқ. Мойынсал болған жоқ. Литва үш жыл бойы Украинаға барынша қолдау көрсетті және біз оны жалғастыра береміз», – деп жазды.

Фото: X.COM/EUCOPRESIDEN

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу