Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Ғашық болғым келмейді»: Жұлдыз Әбдукәрімова көпшілікті ойландырып қойды

Шоу-бизнес
«Ғашық болғым келмейді»: Жұлдыз Әбдукәрімова көпшілікті ойландырып қойды

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова махаббат туралы өлең оқып, көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол тележүргізуші Ардақ Қасымханмен бірге өлең оқып, желіге жариялады.

«Ғашық болғым келмейді, қорқынышты,

Махаббаттың себебі өрті күшті...

Сағыныштың теңізі тербелгенде...

Маза бермейді жүрекке толқын ішкі.

Ғашық болғым келмейді, түсін мені,

Қасірет те жетеді ішімдегі.

Өңімдегі мұң-қайғым болғаныңша,

Бақытым, бақытым боп жүре берші түсімдегі», деді актриса.

Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, алаңдаушылығын жасырмады.

«Жұлдызға басқа махабаттың керегі не, Қайрат, екі ұлы, екі қызы тұрғанда?», «Бақытты әйелдің түрі басқаша болады. Шаршаған әйелді түрі ғой», «Қайрат Нұртас қызғанбай ма екен?!» «Кім не десе о десін, бірақ Жұлдыз талантты актриса, образға кіріп орындаған»,  деп жазды желі қолданушылары.

Фото: әлеуметтік желі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу