freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сәтбаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: Халықтық коалицияның кездесулері жалғасуда

Саясат
Сәтбаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: Халықтық коалицияның кездесулері жалғасуда
ФОТО: © ШҚО әкімдігі

Сәтбаев қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері Жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру бойынша кезекті кездесуін өткізді.

Бұл жолы коалиция мүшелері қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымымен жүздесіп, алдағы конституциялық реформалардың мән-жайын егжей-тегжейлі талқылады.

Жиын барысында басты назар мемлекеттік құрылымды жаңғыртуға және азаматтардың құқықтары мен міндеттерін кеңейтуге бағытталған жаңа бастамаларға аударылды. Коалиция өкілдері реформалардың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, Ата заңға енгізілетін өзгерістердің қоғам өміріне қалай әсер ететінін түсіндіріп берді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына тұщымды жауаптар алды.

Бұл жолы коалиция мүшелері қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымымен жүздесіп, алдағы конституциялық реформалардың мән-жайын егжей-тегжейлі талқылады.

Сәтбаев қалалық коалиция мүшелерінің халықпен жүздесуі мұнымен тоқтап қалмайды. Жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызын кеңінен насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шаралары алдағы уақытта да басқа еңбек ұжымдары мен қала тұрғындары арасында жалғаса бермек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу