freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Германия Ормуз бұғазына әскери кемелер жібермейтінін мәлімдеді

Әлем
Германия Ормуз бұғазына әскери кемелер жібермейтінін мәлімдеді
Фото: АР

Германия Дональд Трамптың Ормуз бұғазына әскери кемелер жіберу туралы үндеуін қабылдамады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бұл – біздің соғыс емес, біз оны бастаған жоқпыз. Біз дипломатиялық шешімдерді және қақтығыстың тезірек аяқталуын қалаймыз. Аймақта қосымша әскери кемелер жібергеннен, жағдай түзеле қоймайды», – деді Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус.

Елдің сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль НАТО Иран мен Арабия түбегі арасындағы бұғаздағы кеме қатынасының қауіпсіздігіне жауап бермейтінін еске салды.

Ал Германия үкіметінің баспасөз хатшысы Штефан Корнелиус: «Бұл соғыстың НАТО-ға қатысы жоқ. Бұл – НАТО-ның соғысы емес», – деп атап өтті.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп альянс бойынша одақтастарынан Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолдау көрсетуді талап еткен болатын.

«Егер серіктестер көмектеспесе, НАТО-ны күңгірт болашақ күтіп тұр», – деген ол Financial Times басылымына.

Осыдан кейін Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармер бұл мәселе НАТО жайлы емес, АҚШ, еуропалық елдер және Парсы шығанағындағы серіктестер коалициясы жайында екенін айтты.

«Бұл НАТО миссиясы болмайды және ешқашан солай жоспарланбаған», – деді ол.

Ал Испанияның қорғаныс министрі Маргарита Роблес үкіметі бұл операцияға қатысуды қарастырмайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, АҚШ пен Израильдің Ирандағы соғысы мағынасыз, заңсыз және оны тоқтату қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу