Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Грекиядағы өрт: СІМ ұсталғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді

Әлем
Грекиядағы өрт: СІМ ұсталғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров болған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған, - деген ақпаратпен бөлісті Айбек Смадияров. 

Айта кетсек, бұған дейін шетелдік БАҚ Грекияның Гидра аралында яхтада демалған қазақстандық туристер өрттің шығуына себеп болды деген ақпар тарады. Ақпаратта айтылғандай, өрт орманға дейін жеткен.

Фото: Фото: Pronews.gr

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу