Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кандидат Арман Шораевқа шағымданған ҚХП өкілі сотқа келмеді

Саясат
Кандидат Арман Шораевқа шағымданған ҚХП өкілі сотқа келмеді

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан халық партиясының мүшесі Нұрия Балтабайқызының «ар-намысыма тиді» деген арызы бойынша мәжіліс депутаттығына үміткер Арман Шораевтың ісін қарауды бастады.

Бүгін сағат 11-де Астанада мамандырылған ауданаралық сот ғимаратында өтетін сот отырысына Арман Шораев, БАҚ өкілдері мен белсенді азаматтар жиналған. Алайда, шағымданушы Нұрия Балтабайқызы сотқа келмей, адвокатын жіберген.

«Нұрия Балтабайқызы  деген шағымданушы адамның өзі сотқа келмеді. Менiң сотқа қойған талабым – шағымданушы тарап өзі келуі тиіс! Сонымен талап қанағаттандырылып, сот кейінге яғни 10 наурызға шегерілді. Мені қолдауға келген барлық азаматтарға – көп рахмет!» деп жазды Арман Шораев әлеуметтік желіде. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстан халық партиясының мүшесі Нұрия Балтабайқызы осы партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың Ресей журналисі Владимир Соловьевқа берген сұхбатының астында «Арман Шораев ар-намысқа тиетін сөз жазды» деп, оны сотқа бергені туралы ақпарат тараған.

Айта кетейік, Арман Шораев 2023 жылы 20 ақпанда Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың суретін жариялап, «Бұл сатқындарға дауыс бермеу керек! Репост!» деп жазған.   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу