Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына Астанадан пәтер сыйлады

Қоғам
Кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына Астанадан пәтер сыйлады

Бүгін қазақ боксының тарихында өшпес із қалдырған - Бекзат Саттарханов туралы жазылған кітаптың тұсауы салтанатты түрде кесілді. Салтанатты іс-шарада Олимпиада чемпионының анасына пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz-сілтеме жасап.

«Жылқышы жылқы бақса жылқы, қой бақса қой сыйлайды. Біз енді үй саламыз. Сондықтан апама үй бергім келіп тұр», - деді Beles құрылыс компаниясының басшысы Махат Төреәлі.

Айта кетейік, Астанада бүгін танымал жазушы Бейбіт Сарыбайдың Олимпиада чемпионы туралы «Бекзат» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Түркістан қаласының тумасы Бекзат Саттарханов 2000 жылы Сиднейде бокстан 57 келіде чемпион атанды. Ол қазақ спортшылары арасында Қазақстан тарихында тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған спортшы ретінде тарихқа енді. Алайда Саттарханов Олимпиададан кейін тура үш ай өткенде жол апатынан қаза тапты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу