Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған әнші 10 жылға сотталуы мүмкін

Қоғам
Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған әнші 10 жылға сотталуы мүмкін

Қырғызстандық әнші Қайрат Примбердиев Кенесары хан туралы айтқан сөздерінен кейін он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті өнер иесіне «нәсілшілдік, этникалық, ұлтаралық және діни араздық қоздыру» бабы бойынша айып тағылғанын алға тартты.

МҰҚК мәліметінше, мұндай қылмыс үшін он жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Еске сала кетейік, Қайрат Примбердиев «Airan» YouTube-арнасына берген сұхбатында Кенесары ханның басын алу оқиғасын қозғап, осы жағдай үшін қазақ халқынан өз атынан кешірім сұраған. 

Қырғыз Республикасының мәдениет министрінің орынбасар Марат Тағаев әншіні сынға алды. Ол «мұндай құбылыс пен көршілес елдерден келген пропаганда жастар мен мәдениет қайраткерлеріне әсер етеді» деп мәлімдеді.

Фото: instagram.com/kairat_primberdiev_official

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу