freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көкшетауда жас жұбайлардың тойы қылмыстық іске ұласты

Оқиға
Көкшетауда жас жұбайлардың тойы қылмыстық іске ұласты
Фото: ІІМ

Көкшетауда неке қию рәсімінен кейін жанжал шығарған жас жұбайлар полицияның назарына ілікті, деп хабарлайды Malim.kz.

ІІМ мәліметінше, «102» арнасына қоғамдық орында ер адамның агрессивті әрекет етіп, жанындағы әйелге қол көтергені туралы балалар хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлеріне ер адам қарсылық көрсетіп, былапыт сөздер айтқан және медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан.

Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ медициналық тексеру қорытындысына сәйкес, оның жұбайы да орташа дәрежеде мас күйде болғандықтан, оған қатысты да әкімшілік шара қолданылды.

Уақытша ұстау изоляторында ер адам қолжуғышты сындырып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қосымша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар сот билік өкілін қорлау фактісі бойынша оған қатысты қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдады.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар дәл сол күні ресми түрде некелерін тіркеген. Салтанатты рәсімнен кейін ішімдік ішкен жұп арасында жанжал туындап, оқиға полицияның араласуымен аяқталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу