freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Көңілдесі болғаным жоқ": Жанель Серғазина күйеуі Еркеш Хасен туралы ел естімеген шындығын айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Көңілдесі болғаным жоқ": Жанель Серғазина күйеуі Еркеш Хасен туралы ел естімеген шындығын айтты (ВИДЕО)
Malim.kz коллажы. Суретте: Еркеш Хасен мен Жанель Серғазина

Актриса Жанель Серғазина Айнұр Ілиясованың YouTube-арнасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты көпшілікті қызықтырған сұраққа ашық жауап берді. Бұған дейін әлеуметтік желіде Еркеш Хасеннің алғашқы әйелі мен қызын тастап, Жанельге үйленгені туралы түрлі әңгіме тараған еді. Актриса бұл сөздердің шындыққа сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жанельдің сөзінше, олардың таныстығы танымал музыкалық жобалардың бірінде басталған. "Егіз лебіз" шоуына қатысқан кезде барлық қатысушылар бір-бірімен жақсы араласып, дос болып кеткен.

Актриса сол кезеңде Еркешті өзінен кіші болғандықтан әзілдеп "братишка" деп атағанын айтты. Яғни, бастапқыда олардың арасында тек достық қарым-қатынас болған.

Серғазина Еркештің отбасылық жағдайы туралы кейінірек, достар бас қосқан кезде білгенін жеткізді. Оның айтуынша, сол отырыста Еркеш Хасен өзінің заңды түрде ажырасып кеткенін ашық айтқан.

Осы сәтте актриса Гүлнара Сильбаева екеуіне қарап, әзіл ретінде "көрсеңдерші екеуің" деген. Алайда Жанель ол кезде бұл сөзге аса мән бермегенін, бәрін жай ғана қалжың ретінде қабылдағанын айтты.

Сұхбат барысында актриса өзіне қатысты айтылған "біреудің отбасын бұзды", "көңілдес болды" деген пікірлерді жоққа шығарды.

"Мен ешқандай көңілдес болған жоқпын. Мен басы бос адамға тұрмысқа шықтым", – деді Жанель Серғазина.

Осылайша актриса Еркеш Хасенмен қарым-қатынасы оның бұрынғы некесі толық аяқталғаннан кейін ғана басталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл оқиғаға қатысты желіде тараған әңгімелердің көбі шындыққа жанаспайды.

Еске сала кетейік, танымал әнші Мейрамбек Беспаев жас өнер иесі Еркеш Хасенге автокөлік сыйлап, көпшіліктің ықыласына бөленген еді.

Еркеш Хасен кім?

Еркеш Хасен – қазақстандық әнші, жас кезінен өнерімен танылған эстрада өкілі. Ашық деректерде оның туған күні 1997 жылғы 16 тамыз деп көрсетіледі. БАҚ-тағы мәліметтерге қарағанда, ол Ақтөбе облысының Хромтау қаласында дүниеге келген. Еркештің балалық шағы оңай болмаған, себебі ол сәби кезінде анасынан айырылып, әкесі мен әжесінің қамқорлығында өскен.

Алғашында Хромтаудағы №5 орта мектепте оқып, өнерге деген қабілеті ерте байқалған. Сегіз жасында "Балбөбек" байқауына қатысып, гран-при иегері атануы оның шығармашылық жолына үлкен серпін берген. Кейін Еркеш "Қазақстан" арнасындағы балаларға арналған "Айгөлек" бағдарламасына қатысып, көрермен көзайымына айналды. Бағдарлама ұйымдастырушылары оның дауысы мен сахнадағы еркіндігін байқап, кейін оған жүргізушілік те сеніп тапсырған. Жас әнші Ресейдегі "Минута славы" жобасына қатысып, финалға дейін жетіп, қазақстандық көрерменге кеңірек таныла түсті.

Оның өнердегі қалыптасуына композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат Омаровтың ықпалы болғаны айтылады. Еркеш Хасен кейін Alem Band құрамында өнер көрсетіп, жастар арасында танымалдығын арттырды. Топ құрамында жүрген кезеңі оның сахналық тәжірибесін кеңейтіп, заманауи эстрададағы бағытын қалыптастырды. Кейін жеке орындаушы ретінде де елге танылып, "Қызым", "Көзің әдемі", "Кездесуге келмедің", "Ұнайсың" секілді әндері тыңдарманға жол тартты. Оның репертуарында поп жанрындағы лирикалық әндер басым, ал шығармашылығында отбасы, махаббат, сағыныш және сезім тақырыптары жиі көрініс табады. Бүгінде Еркеш Хасен отандық шоу-бизнестегі танымал есімдердің бірі саналады және жеке әнші ретінде концерттерге, тележобаларға, музыкалық бағдарламаларға қатысып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу