20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Malim Админ

  • 07.05.2025

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд теңге болды. Бұл жөнінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.   


2024 жылдан бастап Қазақстанның Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызмет өткеретін азаматтар микрокредиттер мен банктік қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру құқығына ие болды. Қағидаларға сәйкес, барлық қызмет ету мерзіміне және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде пайыздар, айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмей төлем мерзімі кейінге қалдырылады.

2025 жылдың басындағы деректерге сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақырылған 22,4 мың қарыз алушының 20,1 мыңының қарыздары кейінге қалдырылды. Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады.

Төлем мерзімін кейінге қалдыру өтінішсіз беріледі: шақыру туралы деректерді Қорғаныс министрлігі кредиттік бюроға, содан кейін банктер мен микроқаржы ұйымдарына жібереді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары хабарламаны алған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде төлем мерзімін кейінге қалдыруды ресімдеуге міндетті.

Ақпараттандыру жазбаша және/немесе онлайн режимінде жеке қатысу қажеттілігінсіз немесе қосымша келісімдерге қол қоюсыз жүзеге асырылады.Шара негізгі борыш пен есептелетін сыйақыға қолданылады.

Сондай-ақ, кейінге қалдыру кезеңінде айыппұлдар, өсімпұлдар есептеуге және өндіріп алу шараларын қолдануға тыйым салынады. Әскери бөлімнің тізімінен мерзімінен бұрын шығарылған жағдайда төлем мерзімін кейінге қалдыру тағы 60 күнге сақталады.

Төлем мерзімін кейінге қалдырудан бас тартуды қаласа, қарыз алушы күнтізбелік 14 күн ішінде жазбаша өтініш жолдауға құқылы, мұндай жағдайда кредитор кейінге қалдыруды қолдануды жояды.

Егер кредит бойынша сот шешімі шығарылса, татуласу келісімі жасалса немесе атқарушылық жазба ресімделсе, төлем мерзімі кейінге қалдырылмайды. Төлем мерзімі автоматты түрде кейінгі қалдырылмаған жағдайда, әскери қызметші:

— қаржы ұйымына жазбаша өтініш жібере алады;

— Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады.

2025 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Түзетулердің қатарында — әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде қарыз беруге тыйым салуды енгізу.

Фото: Malim.kz 

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025

Енді SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді

07.05.2025

Бибігүл Төлегенова Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

07.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

05.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

Енді SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді

Бибігүл Төлегенова Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Әскери қызметшілер әншіге Бауыржан Момышұлы туралы кітапты сыйға тартты

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Өтініш міндетті түрде тіркелуі тиіс

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған