Ақмола облысында ер адам жалған долларларды банкте айырбастамақ болған

Оны полиция ұстап, банкноталардың шыққан жерін нақтылап жатыр

Мәди Саматұлы

  • 30.11.2024

Ақмола облысы аудандарының біріндегі банк филиалында жас жігіт кәдесый қаражатын айырбастауға тырысқан. Банк қызметкерлері қырағылық танытып, болған жағдай туралы құқық қорғау органдарына дереу хабар берген, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс полициясының мәлімдеуінше, тексеріс барысында 21 жастағы ер адамның жалпы құны 1 мың доллар құрайтын 10 купюраны айырбастауға тырысқаны анықталған.

Осы дерек бойынша мән-жайларды нақтылау үшін ұсынылған банкноттардың шығу тегі мен түпнұсқалығын анықтайтын сараптама тағайындалған.

Қылмыстық кодексте жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны үшін жаза белгіленген 231-бап бар. Осылайша, жалған банкноттарды немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, өткізу немесе ауыстыру 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Егер қылмысты адамдар тобы ірі мөлшерде немесе бірнеше рет жасаса, мүлкі тәркіленіп, жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін ұлғаяды. Қылмыстық топтар үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Доллар бағасы 529 теңгеге жетті

04.12.2024

Тоқаев Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті

03.12.2024

Доллар 520 теңгеден сатылып жатыр

02.12.2024

«Мәселе комиссия ақысына салық салуға қатысты». Банк аударымдарына салық салу бойынша түсініктеме берілді

01.12.2024

Мақсат Халық, экономист: Инфляцияның үдеуі - халықтың төлем қабілетіне ауыр соққы

29.11.2024

Доллардың бүгінгі бағамы қандай?

29.11.2024
MalimBlocks
Доллар бағасы 529 теңгеге жетті

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге

Тоқаев Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті

Доллар 520 теңгеден сатылып жатыр

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516,7 теңгеден сатылып жатыр

«Мәселе комиссия ақысына салық салуға қатысты». Банк аударымдарына салық салу бойынша түсініктеме берілді

Ал комиссиясыз аударымдарға салық салынбайды

Мақсат Халық, экономист: Инфляцияның үдеуі - халықтың төлем қабілетіне ауыр соққы

Теңге 10 пайызға құнсызданса, тауар бағасы 3 пайызға өседі

Доллардың бүгінгі бағамы қандай?

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 507 теңге