Астанада лауазымды әскери қызметші 2016 жылы туған баланы зорламақ болған
ІІМ орынбасары Санжар Әділов күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді
Әлеуметтік желіде әскери қызметкердің, подполковник шеніндегі әскери қызметшінің 2016 жылы туған баланы зорламақ болғаны туралы ақпарат тарады. ІІМ орынбасары Санжар Әділов күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің біріндегі батальон командирінің орынбасары, подполковник шеніндегі азамат Астанада 2016 жылы туған баланы ауруханада зорламақ болған", – делінген әлеуметтік желіде таралған жазбада.
ІІМ орынбасары Санжар Әділов қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Ақмола гарнизонының Қорғаныс министрлігіне қарасты, оқуда жүрген әскери қызметкері ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда", – деп мәлімдеді ведомство.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.