Астанада журналистерге құқықтық сауаттылық арттыру семинарлары басталды
Семинарларда сынға көп ұшыраған баптар талқыға түседі
Астанада журналистердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша семинарлар сериясы басталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстан Журналистер одағының Астана қаласы бойынша филиалы «ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігі және Toppress ақпараттық агенттігінің қолдауымен журналистердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша алғашқы семинар өткізді. Ұлттық баспасөз клубында елордалық журналистер түрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан жиналды. Олар кәсіби қоғамдастық тарапынан ең көп сынға ұшыраған заңнама баптары:
- Қылмыстық Кодекстің 274-бабы – «Көрінеу жалған ақпарат тарату»;
- ӘҚБтК 73-3-бабы – «жала жабу»;
- Азаматтық кодекстің 143-бабы – «ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау»;
- Қылмыстық кодекстің 131-бабы – «қорлау».
Семинарды адвокат Бақтияр Ғалымжанов өткізді.
Фото: ҚазТАГ/Айнаш Сейтмуратова