Аида Балаева: Жаһандық өзгерістерге толы жаңа дәуір ақпарат саласын да жаңа арнаға бұрды

Ақпараттық технологиялардың әсерінен қоғамдық процестер, коммуникациялық жүйе транцформацияға түсті.

Берік Дәулетов

  • 28.06.2024

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева барша БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Балаева өзінің facebook парақшасында Қазақстанда жаһандық реформалар жүзеге асырылып жатқан өте қызықты уақыт келгенін түсіндірді.

Жаһандық өзгерістерге толы жаңа дәуір ақпарат саласын да жаңа арнаға бұрды. Ақпараттық технологиялардың әсерінен қоғамдық процестер, коммуникациялық жүйе транцформацияға түсті. Ақпараттық кеңістіктегі мылтықсыз майданда журналистер қауымының қоғамдағы рөлі орасан зор.

БАҚ өкілдері мемлекет пен қоғамды байланыстырушы алтын көпірге айналып, Қазақстанның жаңа тарихын жазып жатыр десем, артық айтқандық емес. "Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы да мықты" деген сөз бекер айтылмаса керек.

Кеше Мемлекет басшысы журналистерді марапаттау салтанатында ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болғанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ баршаға тең мүмкіндіктер беретін Әділетті Қазақстанды құру бізді ортақ мақсат-мұратқа біріктіретінін тілге тиек етті, - деді министр.

Оның айтуынша, аз жылдың ішінде қоғам мен мемлекет күрделі өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде біз демократия мен дамуға бағытталған мүлде басқа құндылықтар жүйесінде өмір сүріп жатырмыз.

Бұл ретте, журналистердің міндеті жүріп жатқан процестерді ақпаратқа айналдыру ғана емес. Жаңалықтардың жаршысы болып, халықты ақпараттандыру арқылы жүзеге асып жатқан реформалардың мәні мен маңызын, түпкі мақсатын түсіндіріп, объективті қоғамдық пікір қалыптастыруға сеп болу. Яғни, журналистер қайнаған өмірдің қақ ортасында жүріп, халыққа жан-жақты тексерілген, шынайы ақпарат тарату – басты міндет, - деп жазды Аида Балаева.

Қай кезде де журналистерге артылар жүк жеңіл емес. Оның ішінде әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық мәдениетті, азаматтық сана мен дәстүрлі мәдени құндылықтарды қалыптастыру, басқа да өзекті мәселелерді түсіндіру де кіреді.

Сондықтан журналистиканың қоғам өміріндегі маңызы пен жауапкершілігі өте жоғары. Барша әріптестеріме қызығы мен қиындығы мол қызмет жолында еселі еңбек етіп жүргені үшін тағы да алғыс айтамын. Баршаңызға шығармашылық табыс, сарқылмас күш-жігер мен жемісті жұмыс тілеймін! Төл мереке құтты болсын! - деді Аида Балаева.

Еске салсақ, 28 маусым күні таңертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Фото: El.kz

Байланысты жаналықтар

Қазан айында қазақстандықтар 9 күн демалады

04.10.2024

Қазақстандық миллиардер Болат Өтемұратов "31" медиахолдингін сатты

02.10.2024

Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

01.10.2024

Облыс басшылығы атом саласы қызметкерлерін құттықтады

27.09.2024

«Әлі 18-десіз ғой»: Салтанат Бақаеваны оқырманы туған күнімен құттықтады

24.09.2024

Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

15.09.2024
MalimBlocks
Қазан айында қазақстандықтар 9 күн демалады

Қазақстандық миллиардер Болат Өтемұратов "31" медиахолдингін сатты

Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында ел бірлігі мен тұтастығының бірегей нышаны саналатын бұл күннің орны ерекше екеніне тоқталды.

Облыс басшылығы атом саласы қызметкерлерін құттықтады

Бірқатар азаматқа аймақ басшысының Алғыс хаты табысталды

«Әлі 18-десіз ғой»: Салтанат Бақаеваны оқырманы туған күнімен құттықтады

Оқырман қауым актрисаның жас көрінетінін алға тартуда.

Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

Мерекелік шаралар Көктөбеде мерекелік отшашумен аяқталады