Тоқаев журналистерге сыйлықтар мен гранттар берді

БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде Президент журналистер мемлекеттік саясатты түсіндіруде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Берік Дәулетов

  • 27.06.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтарын, гранттарын беру және алғысын жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәтін Ақорда сайтында жарияланған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

1. "Казахстанская правда" республикалық газетінің бас редакторы – Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа;

2. "Turkistan" халықаралық газетінің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке;

3. "Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігі" ЖШС бас редакторы – Елена Андреевна Преображенскаяға;

4. "Astana aqshamy" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы – Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға берілді;

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

1. "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы "Ақорда" бағдарламасының авторы-продюсері – Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа;

2. "Хабар" агенттігі" АҚ арнайы тілшісі – Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға;

3. "Jibek joly" телеарнасының тілшісі – Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа;

4. "Орал өңірі" газеті бас редакторының орынбасары – Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға тапсырылды;

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

1. "24KZ" телеарнасының шығармашылық ұжымына;

2. "Литер" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына;

3. "Baqkz" ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына;

4. "Ақтөбе" облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиында марапатталған азаматтар арасынан "Qazaqstan dauiri" газетінің бас редакторы Ертай Айғалиев, Павлодар облысы "Ирбис" телеарнасының тілшісі Елена Белоградова және "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы "Ақорда" бағдарламасының авторы-продюсері Ақерке Бектас сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды.

БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер мемлекеттік саясатты түсіндіруде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

10.05.2025

«Америка дауысы» Трампты қолдайтын БАҚ-тың хабарларын тарата бастайды

09.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

«Америка дауысы» Трампты қолдайтын БАҚ-тың хабарларын тарата бастайды