457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Orda басылымы cырттан қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Редакцияның жарты жылдан бері қысымға ұшырап жатқаны туралы жазба 11 маусымда басылымның желідегі парақшаларында жарияланды. Бұл туралы Azattyq жазды деп хабарлайды Malim.kz. 


“Қызметкерлеріміздің мекенжайына өздерін полицей ретінде таныстырған адамдар барады, көршілерінен сұрайды, фотороботтарды көрсетіп, журналист “іздеуде жүр” деп айтады. Қызметкерлердің жеке деректері мен телефон нөмірлері интимдік қызмет көрсететін шетелдік сервистерге және ит-мысық сататын және арзанға техника сататын хабарландыруларға орналастырылып жатыр. Әлеуметтік желілерде журналистеріміздің суреттері мен деректері бар фейк аккаунттар ашылып жатыр. Олардың атынан жалған ақпараттар, атап айтқанда бас редактордың қайтыс болғаны жайлы ақпарат жарияланады” деп жазылған редакция хабарламасында.

Бұған қоса, редакция өкілдері Орданың желідегі аккаунттары бұғатталып, қызметкерлеріне қоқан-лоққы жасалғанын да айтты.

Айтуларынша, бас редактордан “Орданың” кеңсесін “тәуелсіз БАҚ орналасқан бірыңғай орталыққа” көшіруді де талап еткен. Бірақ редакция одан бас тартқан. Онда нақты кім талап еткені айтылмайды.

Басылым өкілдері “Орданы” тартып алу талпынысы да байқалғанын атап өтті. Олар жуық арада полицияға шағымданатынын жеткізді.  

Фото: Малика Ауталипова, Тимур Нусимбеков