Балаларды интернет қаупінен қалай сақтандырамыз?

Полиция ата-аналарға негізгі ережелерді ұсынды

Мәди Саматұлы

  • 02.06.2024

Балалар үшін үш ай жазғы демалыс басталды. Соған байланысты интернеттің балаларға төндіретін қаупін ескеру қажет. Ал ІІМ интернетте не нәрсеге мән беру керек екенін ата-аналарға құлаққағыс қылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, «оң-солын» танып білмеген жасөспірімдер киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырауы мүмкін. Әр түрлі сайтқа кіріп, топтар мен қауымдастықтарға тіркеліп, кәмелетке толмаған бала бейтаныс жандармен виртуалды байланысқа түседі. Бөтен адамның ықпалына тез беріліп, бала өзінің «жаңа досына» банк картасының нөмірі, телефон нөмірі, жеке кабинеттер мен парақшалардың құпия сөздерін, тұрғылықты мекенжайын айтып қоюы мүмкін. Сонымен қатар күдікті адаммен виртуалды қарым-қатынас шынайы өмірдегі кездесуге ұласу қаупі де бар. Одан бөлек, жеткіншек ақша табу мақсатында есірткі таситын курьерлерді жинайтын хабарландырулардың құрығына түсіп қалуы мүмкін.

Сондықтан полиция ата-аналарға балаларын қауіп-қатерден қорғауға көмектесетін негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:

– Баланың мінез-құлқына және жаңа қызығушылықтарына назар аударыңыз;

– Егер бала интернеттен тапсырма алып, оны өмірде орындаса, оған тез арада назар аударыңыз;

– Мазмұны кәмелетке толмағандарға теріс әсер етуі мүмкін ресурстарға шектеу қойыңыз;

– Балаға жеке ақпаратты жарияламау керектігін үйретіңіз;

– Әлеуметтік желілерде балаңыздың қандай топтар мен қауымдастықтарға жазылғанын қадағалаңыз;

– Балаға бөтен адаммен сөйлесудің қауіпті екенін түсіндіріңіз;

– Ықтимал қауіп анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлаңыз.

Фото: Polisia.kz

Байланысты жаналықтар

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

10.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Алматылықтарға ескерту жасалды

05.05.2025

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

03.05.2025
MalimBlocks
ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Алматылықтарға ескерту жасалды

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?