457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Баласы аулада боқтаса, әке-шешесі айыппұл арқалайды

Балалар көшеде боқтап, бейәдеп сөз айтса, ата-анасы айыппұл төлейді. Ішкі істер министрлігі заңнама жағын түсіндірді.

Бейәдеп сөз айту ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық болып саналады.

Егер бала боқтап немесе бұзақылық жасаса – жауапкершілік ата-анаға жүктеледі. Айыппұл мөлшері баланың жасына байланысты:

- 14–16 жас – ата-анасына 7 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 27 524 теңге айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 435-бап). 

- 16–18 жас – жасөспірімнің өзіне айыппұл салынуы мүмкін, бірақ табысы болмаса, ата-анасы төлейді. 10 АЕК-ке дейін, яғни 39 320 теңге (ҚР ӘҚБтК 66-бап). 

- 12 жасқа дейін – толық жауапкершілік ата-анада. 10–15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (39 320 – 58 980 теңге) (ҚР ӘҚБтК 127-бап). 

Кінәні дәлелдеу үшін полицияға келесі материалдарды ұсыну керек:

- куәгерлердің арыз-шағымы;

- бейне немесе аудиожазба;

- интернетте немесе жазбаша түрдегі қорлау жағдайына қатысты сараптама қорытындысы.

Еске салайық, елімізде пранк үшін 7 жылға дейін жаза арқалауы мүмкін.

Фото: pixabay.com