Боди массажды желеу етіп 2 млрд теңге жымқырған

Астана тұрғыны ұсталды

Malim Админ

  • 26.12.2024

Астаналық азамат боди массаждың атын жамылып, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырған. Онымен қоймай қылмыстық кірістерді заңдастырған.  Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

— 2021-2023 жылдар аралығында Астана тұрғыны жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, 2 миллиард теңге қылмыстық табыс алған. Follow the money (ақшаны қадағалаңыз) параллельді қаржылық тергеу күдіктінің шоттарына туыстары мен сенімді тұлғаларының банктік деректемелерін пайдалана отырып, заңдастырудың күрделі схемалары арқылы түскен барлық қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді, — делінген хабарламада.

Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеп, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, қайта сатқан. Осылайша, ол 88,5 миллион теңгені заңдастырып, 95 миллион теңге қылмыстық табысқа қол жеткізген.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа күдікті:

— 350 млн теңгеге салынып жатқан объектідегі ауданы 500 ш. м. коммерциялық үй-жай;
— 92 млн теңгеге өз баласына күтім жасап жүрген жөніндегі жалдамалы қызметкерге тіркелген жалпы ауданы 329,1 ш. м. 5 екі бөлмелі пәтер;
— 667,5 млн теңгеге Астана қаласында жалпы ауданы 784 ш. м. жер учаскелері бар екі коттедж;
— 335,4 млн теңгеге елорданың элиталық тұрғын үй кешендерінде жалпы ауданы 292 ш. м. 2 пәтер мен тұрақ орын;
— 114 млн теңгеге G63 маркалы Mercedes Benz автокөлігін сатып алған.

Сонымен қатар, тінту кезінде 50 млн теңге мен бағалы зергерлік бұйымдар табылып, оларға тыйым салынды.

Тергеудің басталғанын білген күдікті тәркілеуден жалтару үшін 5 екі бөлмелі пәтерді 143,5 миллион теңгеге сатып үлгерген. Пәтер сату арқылы үстінен 51,5 миллион теңге қосымша табысқа кенелгені белгілі болды. 

Сот үкімімен ол жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін (ҚР ҚК 309-бап, 218-бап 3-тармағы) 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлікі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасы тәркіленді, - деп хабарлады ҚМА.
Тергеу нәтижесінде қылмыстық жолмен тапқан 2 миллиард теңгеден асатын қаражатқа сатып алынған барлық мүлік пен сол мүліктен түскен кірістері анықталып, тәркіленді.

Сонымен қатар, пәтерлердің иелері туралы жалған куәлік берген бала күтімі бойынша жалданған қызметкерге қатысты тергеу басталды.

Фото: pushasrx.com 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды