Дәулет Тұрлыхановтың ұлы пробациялық бақылауды тағы да бұзды

Бас бостандығы шектелген Нұрасыл Болат мейрамханада тойлатып жүр

Мадина Қайнарова

  • 14.10.2024

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат пробация талабын тағы бұзғаны үшін түзету мекемесіне жіберілуі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдың 11 ақпанында Нұрасыл ерлі-зайыпты қорғаушылар Чернова мен Дмитриевичті соққыға жыққан болатын. 9 қазанда сот оны кінәлі деп тауып, 1 млн 700 мың теңгең көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Алайда 2024 жылдың 14 мамырында Жоғарғы сот бұл шешімді екі жыл бас бостандығын шектеу жазасына өзгертіп, өтемақы сомасын да көтерді. Осыдан кейін Нұрасыл Болатты Алматы қаласында серуендеп жүргенін жұрт көрген.

Ұқсас жағдай тағы болды.

Бас бостандығы шектелген Нұрасыл мейрамханада танысының туған күнін тойлап жүр екен. Оның бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралып жатыр. Айтпақшы, Нұрасыл жазасын Астанада өтеуге тиіс болған, ал видеодаға шара жуықта ғана Алматыда өткен.

Бұған қатысты Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ресми жауабын берді.

- Пробациялық бақылауды бұзу фактісі бойынша сотталған адамға ескерту жасалды, жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін сотқа материал дайындалуда, – деп атап өтті комитетте.

Видео: QirSabyn

Фото: instagram/pro.pravo.kz, t.me/qirsabyn

Байланысты жаналықтар

Дәулет Тұрлыханов қызметінен кетті

25.03.2025

142 азамат кешке көшеге шығамын деп түрмеге қамалды

26.11.2024

Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыхановты тақырға отырғызған алаяқ кім

15.11.2024

Дәулет Тұрлыханов ұлының денсаулығына алаңдайтынын айтты

16.10.2024

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 2 жылға бас бостандығынан шектелді

14.05.2024

Адвокатты соққыға жыққан Тұрлыхановтың ұлына қандай үкім шықты?

09.10.2023
MalimBlocks
Дәулет Тұрлыханов қызметінен кетті

Ол аталған қызметті 2017 жылдың мамырынан атқарып келді

142 азамат кешке көшеге шығамын деп түрмеге қамалды

321 адамның үйінде бар-жоғы тексерілген

Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыхановты тақырға отырғызған алаяқ кім

Олар 2013 жылы алаяқтың құрбаны болды

Дәулет Тұрлыханов ұлының денсаулығына алаңдайтынын айтты

Нұрасыл Болат 2023 жылдың 11 ақпанында Алматыда ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан болатын

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 2 жылға бас бостандығынан шектелді

Жоғарғы сот істі қайта қарады.

Адвокатты соққыға жыққан Тұрлыхановтың ұлына қандай үкім шықты?

Алматы әскери соты мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа үкім шығарды. Сот оған 1 млн 700 мың теңге айыппұл салды.