Дәулет Тұрлыханов ұлының денсаулығына алаңдайтынын айтты

Нұрасыл Болат 2023 жылдың 11 ақпанында Алматыда ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан болатын

Мадина Қайнарова

  • 16.10.2024

Жуықта Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың пробациялық бақылауда тұрған ұлы тағы да жүртты дүрліктірген болатын. Нұрасыл Болаттың мейрамханада тойлатып жүрген видеосы желіде таралды. 

Осыған қатысты тілшілер депутатқа сұрақ қойды. Дәулет Тұрлыхановтың айтуынша, ұлының Алматыға тойға барғанын білмеген.

- Бұл іске араласқым келмейді. Жас қой әлі. Онымен үнемі сөйлесетінмін. Қай әке баласының жаман болғанын қалайды? Әрине, бұл туралы ойлаймын. Біз оған қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, бірақ неге және қалай болғанын білмеймін. Жасы небәрі 21 жаста болса да соңынан аңдып жүр. Егер оның психикасына зардап тисе, кім жауапты? Сондықтан айтарым: менің балам өте жақсы, тәрбиелі. Енді достарымен араласа алмай ма? Туған күн кешіне баруға болмай ма? Бұл туралы қатты алаңдаймын. Баламның денсаулығы да алаңдатады, - деді Тұрлыханов Мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ депутат заңнамаға сәйкес ұлы бас бостандығынан айырылуы мүмкін деген сауалға да пікір білдірді.

- Неге оны бас бостандығынан айыруымыз керек? Не үшін? Сағат 20:30-да ол әріптестерімен отырды. Ішпейді. Оны бірден түрмеге жапсақ, тәрбие емес қой, - деді Тұрлыханов.

Айта кетсек, Нұрасыл Болат 2023 жылдың 11 ақпанында Алматыда ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан болатын. Пробация бақылауын ол осымен екінші рет бұзып отыр. 

Фото: kaztag.kz (коллаж)

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Таразда депутат соққыға жығылды

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі