freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бала күнінде жоғалып кеткен қыз жылдар бойы туған отбасынан 100 метр жерде өмір сүріп келген

Әлем
Бала күнінде жоғалып кеткен қыз жылдар бойы туған отбасынан 100 метр жерде өмір сүріп келген
Weibo

Қытайда екі жасында жоғалып кеткен әйел 30 жылдан астам уақыттан кейін туған анасымен және әпкесімен қайта қауышты. Кейін оның бала кезінде туған отбасынан небәрі 100 метр қашықтықта тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Mothership басылымының жазуынша, Цуй Нин 1991 жылы Қытайдың Наньнин қаласындағы базарда жоғалып кеткен. Ол кезде отбасы базар маңынан пәтер жалдап тұрған, ал әкесі азық-түлік сатып күн көрген.

Оқиға болған күні әкесі қызына ақша беріп, жақын жердегі дүкеннен тоқаш сатып әкелуді өтінген. Алайда кішкентай қыз жолдан адасып, көшенің арғы бетіндегі үлкен көтерме сауда базарына өтіп кеткен.

Сол жердегі саудагер әйел жалғыз жүрген баланы байқап, ата-анасын табуға тырысқан. Базардағы дауыс зорайтқыш арқылы бірнеше рет хабарландыру жасалғанымен, қызды іздеген ешкім келмеген.

Осыдан кейін әйел Цуй Нинді өзімен бірге алып кетіп, өз баласындай тәрбиелеген.

Кейін белгілі болғандай, қыздың туған ата-анасы Наньнин қаласында тағы бірнеше жыл тұрған. Олар сол базарда жұмыс істеп, Цуй Нин өскен үйден шамамен 100 метр жерде өмір сүрген. Алайда екі отбасы бір-бірінен бейхабар болған.

Цуй Ниннің әкесі қызын өмірінің соңына дейін іздеген. Өкінішке қарай, ол баласымен қайта қауыша алмай, бірнеше жыл бұрын қайтыс болған.

Уақыт өте келе Цуй Нин асырап алған отбасымен бірге басқа қалаға көшіп кеткен. Туғандарын табуға мүмкіндік оған биыл ғана туды.

7 шілдеде әйел жоғалған адамдар мен туыстарды іздеуге арналған арнайы сервиске тіркелген. Бірнеше сағаттан кейін онымен өзін туған әпкесі деп таныстырған әйел байланысқа шыққан.

Кейін тараптар ДНҚ-тест тапсырып, олардың туыстығы расталды. Осылайша Цуй Нин араға 30 жылдан астам уақыт салып, туған анасы және әпкесімен қайта қауышты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда 24 жастағы Ван Ранран есімді бойжеткен үш айдан астам уақыт комада жатып, үйлену тойына санаулы күн қалғанда есін жиғаны туралы қызық оқиғаны жазып едік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу