freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандағы тіркелген автокөлік саны 6 миллионнан асты

Экономика
Қазақстандағы тіркелген автокөлік саны 6 миллионнан асты
Фото: pixabay

Қазақстанда маусым айында 167 878 автокөлік мемлекеттік есепке қойылды. Бұл мамыр айымен (147 668 көлік) салыстырғанда 13,7%-ға көп. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бюро мәліметінше, тіркелген көліктердің 87,4%-ы жеңіл автомобильдер, 5,7%-ы жүк көліктері, 2,4%-ы тіркемелер, 1%-ы мотоциклдер, 0,9%-ы автобустар, ал 2,6%-ы өзге көлік түрлері.

Маусым айында есепке қойылған көліктердің 34,5%-ының қозғалтқыш көлемі 1500-2000 текше сантиметр аралығында болған.

Жанармай түріне қарай:

  • бензинмен жүретін – 136,2 мың көлік;
  • дизель отынымен – 10,8 мың;
  • газбен – 895;
  • аралас отынмен – 11,1 мың;
  • электр қуатымен – 2,8 мың көлік тіркелген.

Ал тағы 5,8 мың көліктің жанармай түрі көрсетілмеген.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 6 миллионнан астам автокөлік тіркелген. Оның ішінде:

  • 5,05 миллионы – жеңіл автомобиль;
  • 493,7 мыңы – жүк көлігі;
  • 89,5 мыңы – автобус;
  • 74,2 мыңы – мотоцикл;
  • 262,3 мыңы – тіркеме;
  • 52,6 мыңы – өзге көлік түрлері.

Ең көп автокөлік Алматы қаласында – 733,3 мың, сондай-ақ Алматы облысында – 646,3 мың бірлік тіркелген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу