Елімізде 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша барлық буын қызыға оқитын 10 шығарма айқындалды. Тізім республикалық маңызы бар үш және өңірлердегі 17 кітапхананың мәліметі негізінде жасалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, аталған санаткер шығармалардың тізімін Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы» бастап тұр. Бұл туындыны 13 кітапхана ең көп оқылатын кітаптардың қатарына енгізген. Шығармада отбасы тәрбиесі, үлкенге құрмет, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтар кеңінен көрініс тапқан. Сондықтан ол бүгінгі күні де әр буын оқырман үшін тағылымы мол туынды ретінде бағаланып келеді.
Сондай-ақ тізімді Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы, Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» еңбегі, Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы жалғастырады. Жинақталған мәліметтер елімізде көбіне балалық шақ, ел тарихы, отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік тақырыптарын арқау еткен шығармаларға қызығушылық басым екенін көрсетті.