freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

2 миллион долларлық кітап келісімі ең соңғы сәтте бұзылды

Әдебиет
2 миллион долларлық кітап келісімі ең соңғы сәтте бұзылды
https://mnbc.info/

Әлемдік кітап нарығында бұрын-соңды болмаған жағдай тіркелді. АҚШ-та жас жазушы Джерри Фаладенің алғашқы детектив романы Call Me, I'll Hide the Body жарық көрмей жатып үлкен сенсацияға айналған еді. Қолжазбаға АҚШ пен Ұлыбританияның жетекші баспалары қызығушылық танытып, 14 баспа арасында бәсеке туған. Соның нәтижесінде шығармаға 2 миллион доллардан астам келісім ұсынылған.

Алайда келісім соңғы сәтте бұзылды. Жазушының агенттері қолжазбаның толықтай адамның еңбегімен жазылғанын нақты дәлелдей алмайтынын мәлімдеп, кітапты сатылымнан алып тастады. Күдікке себеп – шығарманы әзірлеу кезінде жасанды интеллект пайдаланылған болуы мүмкін деген болжам.
Фаладе айыптауларды жоққа шығарып, шығарманы өзі жазғанын айтты. Оның сөзінше, жасанды интеллектіні тек кейбір анықтамалық мәліметтерді іздеу үшін ғана қолданылған. Жазушы бұл жағдайды нәсілдік кемсітушілікпен де байланыстырды.

Бұл оқиға баспа индустриясында жаңа кезеңнің басталғанын аңғартады. Бұдан былай ірі баспалар авторлардан шығарманың қалай жазылғанын дәлелдеуді талап етуі мүмкін. Авторлық құқық пен жасанды интеллект мәселесі алдағы жылдары әдебиет әлеміндегі ең өзекті тақырыптардың біріне айналмақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу