freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мо Янь Төлен Әбдіктің шығармасын жоғары бағалады

Әдебиет
Мо Янь Төлен Әбдіктің шығармасын жоғары бағалады
Қазақстан Жазушылар одағы

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов Нобель сыйлығының лауреаты, қытайлық жазушы Мо Яньмен Төлен Әбдіктің шығармашылығы жөнінде хат алмасты, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған хаттарда қазақ қаламгерін Нобель сыйлығына ұсыну мүмкіндігі сөз болған.
Мереке Құлкенов өз хатында Мо Яньнан Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» повесіне назар аударуды және егер шығармашылығын жоғары бағаласа, жазушыны Нобель сыйлығына өз атынан ұсыну мүмкіндігін қарастыруды сұраған. Оның айтуынша, Төлен Әбдік – әлемдік әдеби қауымдастыққа кеңінен танылуға лайық қаламгер.


Жауап хатында Мо Янь шығарманы оқып шыққанын айтып, оны «өте терең туынды» деп бағалады. Оның сөзінше, повесть өмір мен өлім, ізгілік пен зұлымдық секілді адамзатқа ортақ мәңгілік мәселелерді қозғайды әрі оқырманды терең ойға жетелейді.
Сонымен бірге Нобель лауреаты әдеби сыйлықтың бір ғана шығармаға емес, автордың тұтас шығармашылық мұрасына берілетінін атап өтті. Сондай-ақ Нобель комитеті мүшелерінің көбі шығыс тілдерін түпнұсқада оқымайтындықтан, жазушының негізгі еңбектері алдымен батыс тілдеріне аударылуы қажет екенін айтты.

Мо Янь қазіргі уақытта негізінен қытай жазушыларын халықаралық деңгейде насихаттаумен айналысып жүргенін айтып, әзірге Төлен Әбдіктің кандидатурасын ұсына алмайтынын, алайда бұл мәселені кейін қайта қарауға болатынын жеткізді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу