freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мұхтар Әуезовтің жарияланбаған хаты музей қорына тапсырылды

Әдебиет
Мұхтар Әуезовтің жарияланбаған хаты музей қорына тапсырылды
https://adebiportal.kz

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласынан қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің осы уақытқа дейін ғылыми айналымға енбеген хаты табылды. Құнды құжатты Қазақстаннан барған студент Бекжан Бектенбай тауып, Алматыдағы М.О. Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйіне табыстаған, деп хабарлайды Malim.kz.


Cтудент Бішкектегі ескі кітаптар мен қолжазбалар сақталған қорларды қарау барысында Мұхтар Әуезовтің бұрын жарияланбаған хатына кезіккен. Құжаттың түпнұсқасы Қазақстанға жеткізіліп, М.О. Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйінің қорына ресми түрде өткізілген. Алдағы уақытта мамандар хаттың түпнұсқалығын толық сараптап, ғылыми сипаттамасын әзірлемек.
Әдебиеттанушылардың айтуынша, мұндай архивтік олжалар жазушының өмірі мен шығармашылық жолын тереңірек тануға мүмкіндік береді. Бұған дейін де Әуезовке қатысты белгісіз хаттар мен қолжазбалар табылып, ғылыми айналымға енгізілген болатын.
Қазіргі таңда музей мамандары жаңа табылған хаттың мазмұнын зерттеп, оны ғылыми қауымдастыққа таныстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құнды құжат алдағы уақытта арнайы көрме экспозициясына қойылуы да мүмкін. Бұл жаңалық туралы алғашқылардың бірі болып «Әдебиет порталы» хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу