freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңа жобалардан қаражат аяйтын емес

Шоу-бизнес
Жаңа жобалардан қаражат аяйтын емес
Ашық дереккөз

Әлемдегі ең ірі стримингтік платформалардың бірі Netflix биыл да жаңа фильмдер мен сериалдарға ірі инвестиция салуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Компанияның мәліметінше, соңғы он жылда кино және тележобалар өндірісіне 135 миллиард доллардан астам қаржы бағытталған. Бұл инвестициялар әлем бойынша 425 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және шығармашылық индустрияның дамуына ықпал еткен.

2026 жылғы жазғы маусымда Netflix көрерменге «Enola Holmes 3», «Little House on the Prairie», «Heartstopper Forever» секілді жаңа жобаларды ұсынды. Компания тарихи драмалармен қатар детектив, комедия, деректі фильм және отбасылық жобалардың санын да көбейтіп келеді. Мұндағы мақсат - әртүрлі аудиторияның қызығушылығын сақтап қалу.

Сарапшылардың пікірінше, бүгінде стриминг нарығындағы бәсеке бұрынғыдан әлдеқайда күшті. Disney+, HBO Max, Apple TV+ және басқа платформалармен жарыста Netflix енді тек фильмдерге ғана емес, тікелей эфирлерге, жарнамалық жазылымдарға және жаңа форматтарға да басымдық бере бастады. Осылайша компания көрерменнің экран алдында өткізетін уақытын арттыруды көздейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу