freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылорда облысында күрежолдың 9 шақырымы жаңартылып жатыр

Қоғам
Қызылорда облысында күрежолдың 9 шақырымы жаңартылып жатыр
Фото: видеодан кадр

Қызылорда облысының Арал ауданында республикалық маңызы бар автожолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазіргі таңда 9 шақырымнан астам жолдың асфальт жабындысы алынып, қайта төселуде.

Аталған жол – еліміздің батыс бағытындағы маңызды көлік дәліздерінің бірі. Жоба аясында жолдың төменгі қабаты толық нығайтылып, үш қабатты асфальт жабындысы салынады. Жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме күз мезгіліне дейін аяқтауды жоспарлауда.

Қазіргі уақытта бұл бағыттағы транзиттік қатынас көлемі артып, тәулігіне 10 мыңнан астам көлік қозғалысы жүруде. Сондықтан жол сапасын жақсарту – көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өңірдің транзиттік әлеуетін арттырудағы маңызды қадамдардың бірі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда мен Ақтөбе облыстары арасындағы екі жолақты автожолды төрт жолақты форматқа кеңейту жұмыстары басталды. Аталған жобалар көлік инфрақұрылымын дамытуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу