freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Сүйінші, ағайын": Жұлдыз Әбдікәрімова отбасына қатысты қуанышты хабарын айтты

Қоғам
"Сүйінші, ағайын": Жұлдыз Әбдікәрімова отбасына қатысты қуанышты хабарын айтты
ашық дереккөзден. Суретте: Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жұбайы Қайрат Нұртастың бірнеше қалада шығармашылық кеш өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір ерлі-зайыпты алдағы концерттерге белсенді дайындалып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртаспен бірге түсірілген бейнежазбаны жариялады. Видеода Жұлдыз Әбдікәрімова біреумен бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп отырған сәтте әнші оның жанына келіп, шашынан иіскеп, еркелеткені көрінеді.

Актриса жазбасында екеуінің бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп, шығармашылық тұрғыда қатар дамуға тырысып жүргендерін атап өтті.

"Шамамыз жеткенше бірге дамып, әрқайсымыз өз саламызда шығармашылығымызды үздіксіз шыңдауға тырысып жүрміз. Қолымыздан келгенше бір-бірімізді қолдап, тіреу болуға уәделескенбіз. Ал сіздерге сабыр!" – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Бұған дейін актрисаның Азамат Сатыбалдымен лифтте түскен суреті әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Бұл жолы Жұлдыз Әбдікәрімова дәл сол жерде жұбайы Қайрат Нұртаспен бірге түсірілген видеоны көпшілік назарына ұсынды.

Еске сала кетейік, "Шаншар" театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов 2020 жылы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында әнші Қайрат Нұртасқа қатысты ренішін ашық айтқан еді. Танымал әнші Жасұлан Базарбаев әріптесі Қайрат Нұртасқа "Халық әртісі" атағын биыл беру қажет деген пікір білдірген болатын.

Қайрат Нұртас кім?

Қайрат Нұртас – қазақ тілінде ән айтатын танымал эстрада әншісі әрі отандық шоу-бизнестің кең аудитория жинаған өкілдерінің бірі. Оның толық аты-жөні – Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков. Ол 1989 жылғы 25 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Әншінің әкесі – Нұртас Айдарбеков, ал анасы – Гүлзира Айдарбекова.

Қайрат музыкаға жастайынан қызығып, кәсіби сахнаға ерте араласа бастады. 2006 жылы ол "Шаншар" әзіл-сықақ театрында «Әке» әнін орындап, көрермен назарына түсті. Кейін «Арман», «Тәтті сезім», «Еркетай қарындасым», «Жаралдың кім үшін» және «Аллаға шүкір» секілді әндерін ұсынды. 2008 жылғы 25 ақпанда Алматыдағы Республика сарайында «Тәтті сезім» атты алғашқы жеке шығармашылық кешін өткізді. Бұл концерт оның үлкен сахнадағы танымалдығын арттырып, жеке орындаушы ретіндегі бағытын айқындады. Қайрат Нұртас шығармаларының басым бөлігін қазақ тілінде орындайды. Оның репертуарында махаббат, сағыныш, отбасы, арман және адамдық сезімдер туралы лирикалық туындылар көп. «Ауырмайды жүрек», «Сені сүйем», «Арман», «Алматы түні», «Шыда, жүрек» және «Сенде жүрек жоқ» әндері тыңдарман арасында кең тараған. Әншінің ресми музыкалық платформаларында түрлі жылдары жарық көрген альбомдары, жинақтары мен жаңа синглдері жарияланып келеді.

2013 жылы Қайрат Нұртастың өмірі мен шығармашылық жолына арналған «Өкініш» көркем фильмі прокатқа шықты. Картинада әншінің табысқа жету жолы, жеке өмірі мен өнер ортасындағы қарым-қатынастары көркем оқиға арқылы көрсетілді. Жобаны «Қайрат Нұртас Production» бірлестігі ұсынды. Қайрат Нұртас «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары қатарында аталады. Оның жұбайы – актриса Жұлдыз Әбдікәрімова. Өнер иесі Қазақстанның әр өңірінде жеке концерттер өткізіп, жаңа әндер мен бейнебаяндар шығаруды жалғастырып келеді. Қайрат Нұртас көпшілікке түсінікті лирикалық әндері, өзіндік дауыс мәнері және тұрақты концерттік қызметі арқылы қазақ эстрадасында өзіндік орнын қалыптастырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу