Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті
Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті, оның Біріккен күрес әлемі бюросындағы қызметі аяқталды

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті, оның Біріккен күрес әлемі бюросындағы қызметі аяқталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Тұрлыханов жуырда өткен UWW ASIA президенті сайлауындағы жеңілісінен кейін Біріккен күрес әлемі (UWW) бюросындағы орнын да жоғалтты.
2024 жылғы 24 наурызда Иорданияда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен Азия чемпионаты кезінде өткен сайлаудан кейін әлемдік күрес қауымдастығы басшылығы ауысты. Дауыс беруге 38 ұлттық федерацияның өкілдері қатысып, нәтижесінде UWW Азия күрес одағының жаңа президенті болып йорданиялық Мұхаммед Әл-Ауамала сайланды. Ол 34 дауыс жинаған. Оның өкілеті 2028 жылға дейін жалғасады.
Бұл қызметті 2017 жылдан бері екі мерзім қатарынан атқарып келген Дәулет Тұрлыханов өз орнын жаңа басшыға береді.
Дәулет Тұрлыханов туралы не белгілі?
Дәулет Тұрлыханов – кеңестік және қазақстандық грек-рим күресінің балуаны және жаттықтырушысы, Қазақстан Мәжілісінің депутаты. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Ұлының ісі
2023 жылғы 11 ақпанда әскери қызметкер Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан еді.
Фото: olympic.kz