Ел шығысында екі азаматтығы бар 8 адам анықталды

Жыл басынан бері Абай облысында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын бұзған 8 шетел азаматы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 3-бабына сәйкес, Қазақстан азаматтығын алған тұлға басқа мемлекеттің азаматтығын қатар иелене алмайды.
Егер сіз басқа мемлекеттің азаматтығын алсаңыз, Қазақстан азаматтығынан шығу үшін 30 күн ішінде Қазақстанның елшілігіне немесе ішкі істер органдарына өтінішпен жүгінуіңіз қажет.
Азаматтықты ауыстыру туралы хабарламау жауапкершілікке әкеп соғады: бұл жағдайда 200 АЕК, яғни 647 800 теңге көлемінде айыппұл салынады немесе азаматтықтан айырылған тұлға Қазақстаннан әкімшілік жолмен шығарылады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде төрт бұзушы елден шығарылып, тағы төрт адамға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
2025 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы 179 өтініш тіркелген, оның ішінде 175 өтініш Ресейге, сондай-ақ біреуі Түркияға, АҚШ-қа, Қырғызстанға және Чехияға қатысты.
Фото: ІІМ
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды