457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Енді әскерде жүрген сарбаздарға кредит берілмейді

Енді елімізде мерзімді әскери қызметтегілерге банктер мен микрокаржылық ұйымдардан жаңа несие алуға тыйым салынады. Мұндай ереже Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа қаулысында көзделген.


Жобаға сәйкес, Қорғаныс министрлігі несиелік бюроларға мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан азаматтар туралы мәлімет беретін болады.

Бұл ақпарат әрбір әскери қызметшінің несие есебіне енгізіледі. Егер банк немесе микроқаржы ұйымы несие өтінішін қарау кезінде азаматтың мерзімді әскери қызметте екенін көрсе, олар несие беруден бас тартуға міндетті болады.

Әскери қызмет аяқталғаннан кейін, бұл белгі несие есебінен жойылады.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан армиясына 40 мың адам шақырылды, олардың жартысынан көбі, яғни 22,4 мың сарбазда бұрыннан несиелері болған.

Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер мен банк холдингтеріне электрондық сауда, интернет-платформалар, IT және биометрия салаларындағы компаниялардың акцияларына немесе үлестеріне инвестиция салуға лимит қоюды ұсынған болатын.

Айта кетейік, Қорғаныс министрлігі несиесі бар әскери қызметшілерге «кредиттік демалыс» берді. Ведомствоның мәліметінше, қазірдің өзінде 17 мыңнан аса әскери қызметшіге 6,6 млрд теңге сомасында «кредиттік демалыс» берілген. 

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform