457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ерекше балаларға сабақ бермесе де жалақы алып отырыпты

Жалпы заңсыз төлем көлемі 4 255 997 теңге

Түркістан облысында 23 мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар 64 балаға үйде сабақтың іс жүзінде өткізілмегені, алайда мұғалімдерге еңбекақының төленіп отырғаны анықталды. 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы инклюзивті білім беру саласында Еңбек және Бюджет кодекстерінің сақталуына талдау жүргізді.

— Талдау нәтижесінде: аудандағы 23 мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар 64 балаға үйде сабақтың іс жүзінде өткізілмегені, алайда мұғалімдерге еңбекақының төленіп отырғаны анықталды.

«D.MED» жүйесі арқылы бұл балалардың еліміздің әр өңіріндегі ауруханаларда ұзақ уақыт бойы ем қабылдағаны және үй жағдайында білім алу мүмкіндіктерінің болмағаны белгілі болды, - делінген Түркістан облысының прокуратурасы хабарламасында. 

Соған қарамастан, мұғалімдерге сабақ өткізгені үшін төлемдер жасалған.

Мысалы, №16 мектептің бір оқушысы жыл бойы емдеуде болғанына қарамастан, мұғалімдер оны «оқытқаны» үшін 319 101 теңге алған.

Жалпы заңсыз төлем көлемі 4 255 997 теңге.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде бұл қаражат бюджетке қайтарылып, білім беру саласының 311 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Фото: almaty.tv