Маңғыстаулық музыка мамандары біліктілігін арттырды

Олар ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істейді

Мәди Саматұлы

  • 31.10.2024

Маңғыстауда ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін музыка пәнінің 85 маманы біліктілік арттырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысы аясында «Қолдау» орталығы «Zerde+» әлеуметтік жобасын жүргізіп келеді.

Бүгін әлеуметтік жоба аясында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдау мақсатында аталған балалармен жұмыс жүргізуші музыка пәні мұғалімдеріне 8 сағаттық толық интенсив-курс ұйымдастырылды.

Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ғимаратында өткен курсқа өңірдің 85 маманы қатысып, өз біліктіліктерін жетілдіріп, тәжірибелерін арттырды. Курс барысында арнайы мамандар теориялық біліммен қатар, практикалық жаттығуларды үйреніп, ерекше балалармен жұмыс істеудегі ерекше әдіс-тәсілдермен танысты, деп жазылған хабарламада.

Курс спикері – тәжірибелі маман Шұға Қайырлиева білім беру ұйымдарынан қамтылған мамандардың сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын тыңдады.

Фото: Маңғыстау облысының білім басқармасы

Байланысты жаналықтар

Каспий итбалықтарының шығыны 1,5 млрд теңгені құрауы мүмкін

24.11.2024

Маңғыстауда 11 баланың анасы Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотталды

08.11.2024

Маңғыстауда ерекше балаларға білім беретін мамандар біліктілік арттырды

07.11.2024

Мұнай компаниясының басшысы қызметкерлерге бөлінген 321 млн теңгені қалтаға басқан

03.11.2024

Маңғыстаудағы итбалықтың қырылуының себебі белгілі болды

30.10.2024

Маңғыстауда жағалаудан 150-ден астам итбалық өлі табылды

28.10.2024
MalimBlocks
Каспий итбалықтарының шығыны 1,5 млрд теңгені құрауы мүмкін

Мамандар шығын көлемін есептеді

Маңғыстауда 11 баланың анасы Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотталды

Әйелге 3 жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды

Маңғыстауда ерекше балаларға білім беретін мамандар біліктілік арттырды

Курсқа технология пәнінің 80 маманы қатысты

Мұнай компаниясының басшысы қызметкерлерге бөлінген 321 млн теңгені қалтаға басқан

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған

Маңғыстаудағы итбалықтың қырылуының себебі белгілі болды

Қазан айының соңында жағалаудан 150-ден астам итбалық өлі табылған болатын

Маңғыстауда жағалаудан 150-ден астам итбалық өлі табылды

Көктемде осы аймақта бір айда 182 итбалық қырылған болатын