Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда ерекше балаларға білім беретін мамандар біліктілік арттырды

Білім-ғылым
Маңғыстауда ерекше балаларға білім беретін мамандар біліктілік арттырды

Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысы аясында “Қолдау”  орталығы” жеке меншік мекемесі “Zerde+” әлеуметтік жобасын жүргізіп келеді. 

Бүгін әлеуметтік жоба аясында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдау мақсатында аталған балалармен жұмыс жүргізуші технология пәні мұғалімдеріне 8 сағаттық толық интенсив-курс ұйымдастырылды.

Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ғимаратында өткен курсқа өңірдің 80 маманы қатысып, өз біліктіліктерін жетілдіріп, тәжірибелерін арттырды. Курс барысында арнайы мамандар теориялық біліммен қатар, практикалық жаттығуларды үйреніп, ерекше балалармен жұмыс істеудегі ерекше әдіс-тәсілдермен танысты.

Курс спикері - филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер, Тәуелсіз Платиналы Тарлан сыйлығының «Ағарту» саласының лауреаты Сейсенова

Алмагүл Дәулетқазықызы.

Фото: Автор
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу