freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда 248 мың оқушыға мектепте орын жетіспейді

Қоғам
Қазақстанда 248 мың оқушыға мектепте орын жетіспейді
Фото: gov.kz

Қазақстанда 248 мың оқушыға мектепте орын жетіспейді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында соңғы екі жыл ішінде елімізде 217 жаңа мектеп салынды. Соның нәтижесінде мыңдаған балаға арналған қосымша орындар ашылған.

Вице-министрдің сөзінше, биыл да бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

– Биыл 50 мың оқушы орнына арналған 90-нан астам мектептің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар қосымша құрал ретінде жекеменшік мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырып жатырмыз, – деді Жайық Шарабасов.

Министрлік бұл шаралар үш ауысымды мектептер мәселесін азайтып, оқушыларды сапалы біліммен қамтуға мүмкіндік береді деп отыр. Дегенмен, елдегі демографиялық өсім мен урбанизация қарқыны мектеп орындарына деген сұранысты әлі де жоғары деңгейде ұстап отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу